



24 ақпанда №4 Қалалық емхананың Үздік тәжірибелер орталығында МСАК дәрігерлері мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті өкілдерінің — профессор Ляззат Кошербаева, докторант А. Имаматдинова және магистрант П. Бейбіттің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына — ТДМ 3 «Денсаулық және әл-ауқат» және ТДМ 4 «Сапалы білім» мақсаттарына қол жеткізу міндеттері аясында ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушы — ҚазҰМУ-дың «Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты» кафедрасы.
Профессор Ляззат Кошербаева жасанды интеллект негізіндегі көз қозғалысын бақылау (eye-tracking) технологиясын қолдана отырып, аутизм спектрі бұзылыстарын ерте диагностикалау бойынша ғылыми жобаның нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар балалардың көру мінез-құлқын талдауға негізделген инновациялық жүйені апробациялаудың аралық нәтижелерін көрсетті.
Қатысушылар технологияны МСАК практикасына енгізу, пациенттерді маршруттау және пәнаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Кездесу университет пен практикалық денсаулық сақтау арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне аутизм спектрі бұзылыстарын ерте диагностикалаудың заманауи құралдарын енгізу бойынша алдағы қадамдарды айқындады.




