Біліктілікті арттыру курстары

2-12 қазан аралығында «Аутизм спектрі бұзылған балаларды(АСБ) жан-жақты қолдау негізінде әлеуметтік-білім беру ортасына интеграциялау: сын-тегеуріндер мен артықшылықтар» жобасының шеңберінде орта білім беру ұйымдарының әдіскерлері, педагогтары мен педагог-ассистенттері үшін біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр. Бұл біліктілікті арттыру курсы үш модульден тұрады.
Бірінші модуль АСБ ұғымымен, АСБ таралуымен, сондай-ақ АСБ классификациясының соңғы өзгерістерімен байланысты.
Екінші модуль реттеуші мәселелер бойынша білімді кеңейтуге бағытталған.
Үшінші модуль мұғалімнің АСБ бар балалармен қалай жұмыс істеуі керек, сонымен қатар АСБ бар балаларға педагогикалық қолдау көрсету мәселелерін ашады.