Аутизм спектрі бұзылыстары (АСБ) бар балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру бойынша ерте диагностика жүйесін апробациялау басталды

15 июля, 2025 0
WhatsApp-Image-2025-10-17-at-09.50.02.jpeg

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ата-аналарды балалардағы АСБ ерте диагностикалау жүйесін сынақтан өткізуге қатысуға шақырады. 2025–2027 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2025 жылғы 9 қаңтардағы №10 Жол картасы аясында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті көздің қозғалысын бақылау технологиясын (eye-tracking) пайдалана отырып, АСБ ерте диагностикалау жүйесін апробациялауды бастайды.

Неліктен біз сіздерді шақырамыз?
Біз зерттеуге қатысу үшін жасы 8 айдан 3 жасқа дейінгі (36 айға дейінгі) балаларды іздейміз. Сіздің көмегіңіз:
• АСБ ерте анықтау бойынша ғылыми білім мен тәжірибені дамытуға үлес қосуға;
• Көз қозғалысын бақылау технологиясының балалардың ерте көру қабылдау ерекшеліктерін анықтаудағы тиімділігін түсінуге;
• Болашақта балалар мен олардың отбасыларына арналған диагностика мен қолдауды жақсартуға мүмкіндік береді.

Маңызды ақпарат:
Қатысу ерікті түрде жүргізіледі. Ата-аналар кез келген уақытта ешқандай салдарсыз бас тартуға құқылы.
Бұл зерттеу медициналық көмектің орнын баспайды және баланың ем алуына немесе дәрігерлік бақылауына әсер етпейді.
Зерттеу барысында ем немесе ине салу болмайды. Процедура – тек баланың қысқа бейнероликтерді қарау кезіндегі көз қозғалысын бақылау.
• Технология диагноз қоймайды. Ол тек әрі қарай бақылау немесе тексеруді қажет етуі мүмкін көру назарындағы ерекшеліктерді анықтайды.
• Қатысу алдында жазбаша ақпараттандырылған келісім алынады (нысаны хатқа қоса беріледі).
• Жоба жергілікті биоэтика комитетінің (ЖБК) қорытындысын алған.

Зерттеу қалай өтеді?
Өткізу орны: Алматы қ., үздік тәжірибе орталықтарының бірі -№4 қалалық емхананың 332-кабинеті.
Жабдықтар: көз қозғалысын бақылауға арналған екі құрылғы -GazePoint аппараты және iPad қолданылады.
Процесс: бала экраннан қысқа бейнероликтерді қарайды (әр құрылғыда шамамен 3 минут). Барлық процедура шамамен 10 минут уақыт алады және жайлы, тыныш ортада өтеді (бала ата-анасының тізесінде отыра алады).
• Қарау барысында құрылғылар баланың көз қозғалысын және экрандағы қай элементтерге назар аударғанын тіркейді.

Сұрақтарыңыз болса немесе қатысу мүмкіндігін талқылағыңыз келсе, шешім қабылдамас бұрын маманмен хабарласа аласыз:
Имаматдинова Азиза (WhatsApp): +7 702 024 9250
Электрондық пошта: imamatdinova.a@kaznmu.kz / azizaimamatdinova0@gmail.com


Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


White

Біздің мақсатымыз-әркім толыққанды және бақытты өмір сүру үшін қолдау мен қажетті білім таба алатын қауымдастық құру. Сіз бізбен бірге болғаныңызға қуаныштымыз!

Autism birge 2024. Все права защищены.