Конференция өткізілді

20 сентября, 2024
Снимок-экрана-2024-10-30-в-22.46.02-1200x701.png

«SDU University» мекемесі «Аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды қолдау: медициналық, білім беру және әлеуметтік қызметтерді интеграциялау» тақырыбында ғылыми конференция өткізгені туралы хабарлайды. 

2024 жылдың 20 қыркүйегінде өткен іс — шара BR18574199 «Аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларды жан-жақты қолдау негізінде әлеуметтік-білім беру ортасына біріктіру: қиындықтар мен артықшылықтар» жобасының нәтижелеріне арналды. Конференция аясында аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балаларды қолдауға бағытталған әлеуметтік қызметтер, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер мен әзірленген өнімдердің нәтижелері ұсынылды. Іс-шараның мақсаты зерттеушілер, ғалымдар, тәжірибешілер, шешім қабылдаушылар, сондай-ақ АСБ бар балалардың ата-аналары арасында идеялар алмасу және байланыс орнату платформасын ұсыну болды. 

Конференция спикерлерінің арасында: 

— Калмакова Гаухар Амангельдиевна-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті директорының орынбасары; 

— Бейсен Майра Боранбайқызы-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті балаларды медициналық-әлеуметтік оңалту басқармасының басшысы; 

— Байболатова Анар Аскаровна- «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы; 

— Joe Santos-әлеуметтік кәсіпкер, халықаралық спикер және «Vencer Autismo» қорының тең құрылтайшысы. 

-Вихновская Марина Владимировна-Қазақстан Республикасының бас штаттан тыс балалар психиатры, ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК балалар-жасөспірімдер бөлімшесінің меңгерушісі 

Конференция спикерлері: PhD проф., жоба жетекшісі Л. Кошербаева; PhD А.Самамбаева; MSc, MPH, Л. Кожагелдиева; Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беру орталығының директоры. -Исмагулова С.К.; PhD candidate SDU Мадина Сүлеймен; PhD докторанттар Қурманалина С. және Имаматдинова А. Конференция инклюзия мен диагностиканың өзекті мәселелерін талқылау және АСБ бар балаларды қолдау стратегияларын әзірлеу бойынша тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды. Іс-шара ата-аналар мен мамандарды қоса алғанда, барлық қатысушылар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және байланыстарды нығайтуға ықпал етті.

White

Біздің мақсатымыз-әркім толыққанды және бақытты өмір сүру үшін қолдау мен қажетті білім таба алатын қауымдастық құру. Сіз бізбен бірге болғаныңызға қуаныштымыз!

Autism birge 2024. Все права защищены.